Қазақстан құрамасы жазғы биатлоннан әлем чемпионатына қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биатлоннан ҚР құрама командасы Болгарияның Белмекеніндегі оқу-жаттығу жиындары аяқталғаннан кейін, жазғы әлем чемпионатына қатысу үшін Ресейге аттанады. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Биатлоннан ерлер командасының құрамында келесі атлеттер: Василий Подкорытов, Антон Пантов, Максим Браун, Роман Еремин, Владислав Витенко, Тимур Куц, Тимур Хамитгатин.

Әйелдер құрама командасында: Галина Вишневская, Дарья Климина (Усанова), Алина Райкова, Анна Кистанова, Елизавета Бельченко, Анастасия Кондратьева.

Атлеттеріміздің қатарына жасөспірімдерден Евгения Красикова мен Дмитрий Колесниковтер кіреді.

Айта кетейік, 22-28 тамыз күндері Чайковский қаласында (Ресей) жазғы биатлоннан әлем чемпионаты өтеді. 

Соңғы жаңалықтар