Қазақстан құрамасы Еурочеллендж қожайынын ірі есеппен ұтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еурочеллендждің екінші матчында Қазақстанның хоккей құрамасы турнир қожайыны Польшамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы сапында келесі хоккейшілер ойнады: Карлссон - Савченко-Семёнов, Жайлауов-Кучин-Старченко; Маклюков-Гребенщиков, Михайлис-Гренц-Евдокимов; Липин-Полохов, Петухов-Гурков-Әсетов; Шалапов-Ибрайбеков, Маркелов-Шевченко-Белгібаев.

Бірінші кезең қазақстандықтардың бір голымен аяқталды, Никита Михайлис берген шайбаны Ярослав Евдокимов қақпаға салды. Ойынның екінші бөлімінде Дмитрий Гренц есепті еселеді. Соңғы жиырма минутта мұз айдынының қожайындары белсенділік танытты. Үшінші шайбаны қазақстандық Роман Старченко салды. Матч аяқталарға екі минут қалғанда ғана поляктар есеп ашты. Ал, бұдан кейін бос қақпаға шайба бағыттаған Евдокимов есепті төртке жеткізді.  

Есеп - 4:1 Қазақстан құрамасының жеңісімен матч аяқталды.

Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандықтар Мажарстан 5:2 есебімен жеңген, ал хоккейшілер бүгін кешке 20:30-да Италиямен қорытынды кездесу өткізеді.

Қазіргі кезде Қазақстанда - 6 ұпай, Италия мен Мажарстанда - үшеуден, Польша - 0 ұпай. 

Соңғы жаңалықтар