Қазақстан құрамасы Беларусьпен жолдастық матч өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь Республикасы хоккей федерациясының бас хатшысы Ярослав Завгородний Беларусь құрамасының Қазақстан командасымен жолдастық ойын өткізу туралы жоспарын мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz. 

«Жоспарларды шұғыл түрде қайта қарау керек болды: Оңтүстік Кореядағы алдын ала жоспарланған турнир өтпейтін болды. Оны желтоқсан айында екі рет өтетін Қазақстан құрамасымен жолдастық кездесуге алмастыруға тура келді.

Қаңтар және ақпан айында ресейліктермен шешуші кездесу өткіземіз. Қысқы ойындарға дайындық ретінде ұлттық құрамамен тағы бір матч және оның резервтік құрамасымен тағы бір ойын болады. Үздік алтылыққа кіретін тағы бір құрамамен матч өткізу туралы ықтимал келісім бар. Бірақ, ол туралы қазір айту ерте, себебі әлі талқыланып жатыр. Бірақ, қазірдің өзінде жаман емес сияқты», - деп келтіреді Завгороднийдің сөзін «Прессбол». 

Соңғы жаңалықтар