Қазақстан құрамасы әлемнің танымал таеквондошыларымен айқасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 тамызда «Спорт күніне» орай Атырау облысында Иран, Ресей, Марокко, Корея және Армения елдерінің таеквондошылары Қазақстан таеквондошыларына қарсы жекпе-жек өткізеді.

 Қазақстан намысын əлем чемпионатының қола жүлдегері Қайрат Сарымсақов бастаған спортшылар қорғайды, деп хабарлайды dodasport.kz .

«Atyrau Sport Fest 2017» спорт фестивалі аясында Атырау облысы таеквондо федерациясы әлемнің ең мықты деген таеквондошыларының басын қосып, командалық жекпе-жек өткізбекші.

58 келі салмақта Атыраулық жас таеквондошы, ҚР спартакиадасының жеңімпазы, жастар арасындағы Азия чемпионатының жүлдегері және түрлі халықаралық турнирлердің жеңімпазы Сағадат Жолдасбаев ресейлік спортшыға қарсы тұрмақ.

Ресейлік Алексей Рудник өз елінің қола жүлдегері болып табылады. Соңғы рет Атырауда өткен «Қазақстан Опен» турнирінде күміс жүлдегер атанған.

63 келі салмақта тағы бір атыраулық жас спортшы Бексұлтан Латиф ел намысын қорғайтын болады. Бексұлтан аса ірі жарыстарда жеңіске жетіп үлгермеген. Сондықтан да оған таеквондо спортының отаны - Кореядан келген Джоу Мун Ханға қарсы тұру оңайға соқпайтыны анық.

74 келі салмақта Қазақстан ұлттық құрамасындағы ең тәжірибелі таеквондошы, жақында ғана Корея елінде өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері Қайрат Сарымсақов сынға түседі.

Қайраттың қарсыласы да осал емес. Марокка елінің чемпионы Мохаммед Меллоук халықаралық турнирлерде, Африка біріншіліктерінде атой салып жүрген спортшы. Дегенмен араға тоғыз жыл салып Қазақстанның әлем чемпионатындағы жүлдегері атанған Қайрат Сарымсақов Араб түбегінен келген таеквондошыны тізе бүктіруіне сенім мол.

80 келіде атыраулық тәжірбиелі таеквондошы Үмбет Шәкиев сынға түседі. ҚР спартакиадасының жеңімпазы, жақында ғана Өзбекстанда өткен Президент Кубогының жүлдегері Иран елінің спортшысына қарсы тұрмақ.

+87 келі салмақта Еуропа құрлығындағы атақты спортшылардың бірі армениялық Арман Еремян бағын сынайды. Ол Армения елінің тарихында тұңғыш рет Еуропа чемпионы атанған. Тұңғыш рет Армения таеквондошылары арасында Олимпиада ойындарына жолдама алған. Лондон олимпиадасында өз елінің жалауын көтеріп шыққан. Универсиада ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері.

Арман Еремянға 30 жасар Саламат Құрбаниязов қарсы тұрмақ. Қос тәжірибелі таеквондошылардың арасында бәсеке қызыққа толы болатыны сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар