Қазақстан Кубогы 1/8 финалының жеребесі тартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада 2018 жылғы маусымның Қазақстан Республикасы Кубогының 1/8 финалына жеребе тарту рәсімі болды, деп хабарлайды Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының сайты.

Жеребе нәтижесі бойынша келесі жұптар құрылды:

«Қыран» - «Ордабасы»
«Шахтер» - «Қызыл-Жар СК»
«Мақтаарал» - «Астана»
«Тараз» - «Ертіс»
«Қайсар» - «Ақтөбе»
«Ақжайық» - «Атырау»
«Оқжетпес» - «Қайрат»
«Тобыл» - «Жетісу»

Бұл кезеңнің ойындары бір матчтан тұрады. Олар 2018 жылдың 18 сәуірінде бірінші орналасқан командалардың алаңдарында өтеді.

Фото: sports.kz

Соңғы жаңалықтар