Қазақстан көршілерін де ұмытпауы қажет - БҰҰ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура дамудың даңғыл жолында көршілерді де ұмытпау қажеттігін жеткізді. Бұл - тұрақты дамудың басты шарты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шимомураның айтуынша, БҰҰ тұрақты даму мақсаттары аясында кедейшілікті барынша азайтып, экономикалық дамуды бір деңгейге көтеру міндеті бар. Ал, ең бастысы, бірде-бір мемлекетті артта қалдыруға болмайды. "Шыны керек, Қазақстан тәуеліздік алғалы бері біраз жетістіктерге жетті. Бірінші күннен бастап xалықаралық мәселелерге де тығыз араласа бастады. Бүгінде аталған мемлекет қауіпсіздік пен бітімгерлік жағынан Орталық Азияның көшбасшысына айналды. Ядролық қаруды таратпау, Ауғанстанға көмек беру, Сирия мәселесін реттеу - бұның барлығы Қазақстанның жетістігі, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақсыз өкілі ретінде ортақ іске қосқан қомақты үлесі. Қазақстанның ішкі жұмыстары да қуантады. Мемлекеттік қызметті жетілдіріп, жемқорлықпен күресіп келеді. Цифрлық теxнологияларды дамытып жатыр. Осының бәрі БҰҰ тұрақты даму мақсаттарымен тығыз байланысты", - дейді Шимомура.

Оның айтуынша, дамудың даңғыл жолында көрші мемлекеттерді де ұмытпау қажет. Себебі тұрақты дамудың басты мақсаты бойынша ешкімді артта қалдырмау қажет.

Айта кетейік, елордада "Жаңа жаһандық болмыстағы Қазақстанның жаңғыру моделі" тақырыбында xалықаралық парламенттік конференция басталды. Аталған шара ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналып отыр. Мәжіліске Ресей, Әзірбайжан, Түркия, Өзбекстан, Армения, Италия, Испания, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Болгария, Мажарстан және тағы басқа барлығы он бес елдіңіі делегаттары қатысуда. Бұдан бөлек, АҚШ-тың сарапшылары да келді. Конференция барысында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов Қазақстанның Орталық Азия басшыларын жинауға мүдделі екенін жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар