Қазақстан кореяаралық диалогтың қайта қалпына келуін қолдайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресми Астана алдағы уақытта өтетін кореяаралық саммиттен үлкен нәтижелер күтеді. Бұл туралы бүгін Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Кан Ген Хвамен кездесуден кейінгі бірлескен мәлімдеме жасау барысында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан кореяаралық диалогтың қайта қалпына келуін және Корея Республикасы мен Корей Халықтық Демократиялық Республикасы арасында саммит өткізу туралы уағдаластыққа қолдау білдіреді. Астана алдағы уақытта өтетін кореяаралық саммиттен үлкен нәтижелер күтеді және бұл кездесу екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мәселелесіне серпін береріне әрі корей түбегіндегі шиеліністің түйінін тарқататындығына үміт артады», - деді министр.
null 

Қайрат Әбдірахмановтың айтуынша, Қазақстан үшін корей түбегінің ядролық қарудан азат аймаққа айналуы түбегейлі мәселе. Өйткені Қазақстан ядролық қаруды таратпау ісінде тарихи рөлге ие.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандағы Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Дэсик Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжэ Иннің Орталық Азияға, соның ішінде Қазақстанға сапары датасының ауыстырылуын түсіндірген болатын. 
null 

«Алдағы саммиттердің (екі Корея мен КХДР-АҚШ арасындағы) тарихи маңыздылығын ескере отырып, Корея Республикасының президенті елді тастап кете алмайды. Сондықтан, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған сапар кейінгі қалдырылды. Бұл ақпаратты дипломатиялық каналдар арқылы мемлекет басшылығына хабарлағанымызда, Нұрсұлтан Назарбаев жағдайды өте жақсы түсінді. Ол Корея түбегіндегі келіссөздердің бейбітішілік пен тыныштық әкелуі үшін табыс тіледі. Түсініспеушілік болған жоқ», - деді Елші Астанадағы баспасөз мәслихатында.

null null 

Соңғы жаңалықтар