Қазақстан қор нарығында Кселл мен KEGOC акцияларының құны төмендеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қараша айында Қазақстанның қор нарығында «Кселл», «KEGOC» және «KAZ Minerals PLC» компанияларының акциялары төмендеп кетті. Бұл туралы Қазақстан Қор биржасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кселл» АҚ-ның акциясы қараша айында 5,24 пайызға төмендеп, 1 721,8 теңгеге дейін түсті.

«Ұялы байланыс операторының құнды қағаздары бойынша бағаларды тұрақтандыру әрекеті қыркүйек айындағы қарбаластан кейін әлі тұрақталған жоқ. Екі ай бұрынғы қарбалас «компанияны бүгінгі иесі TeliaSoneraдан Түркияның телекоммуникация алыбы - «Turkcellу» компаниясы сатып алады» деген ақпаратты алыпсатарлардың ұтымды пайдаланғысы келген ойынынан кейін басталған болатын. Дегенмен, біріншіден, компанияда шығын өте көп емес. Себебі, акциялар өте белсенді сатылды. Сондықтан, бұл арада негізінен, бағаларға түзету енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр десе болады», - деп түсіндірді Қазақстан Қор биржасының төраға орынбасары Андрей Цалюк.

Осыған ұқсас жағдай KAZ Minerals PLC ( - 4,80%) және «KEGOC» АҚ-да (- 4,79%) байқалды.

Ал қараша айындағы құнды қағаздары жоғарылаған «ҚазМұнайгаз» АҚ болды. Оның құнды қағаздары 10,2 пайызға артып, 22 270 теңгеге жетті. 

KASE мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан Қор биржасының қараша айындағы біріккен сауда көрсеткіші қазан айындағы бағамен салыстырғанда 6,5 пайызға немесе 708,1 млрд теңгеге азайып, 10 246 млрд теңгені құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар