Қазақстан ҚХР мен Ауғанстанға астық экспорты көлемін арттырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Қытай мен Ауғанстанға астық экспорты көлемін арттырды. Бұл туралы бүгін KazGrian-2018 халықаралық конференциясында «Қазақстан астық одағы» ЗТБ төрағасы Нұрлан Оспанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

«Астық және бұршақ тұқымдастары бойынша негізгі экспорттық позиция жұмсақ және қатты бидай, арпа, күріш және жасымық саналады. Аталған дақылдар экспортының жалпы көлемі астық және бұршақ тұқымдастарының  жалпы көлемінің 98 пайыздан астамын құрайды», - деді ол.

Оның айтуынша, астық негізінен ТМД елдеріне, Иранға және Қара, Азов, Балтық теңіздері арқылы Еуропа елдерінің нарықтарына шығарылады.

«Сонымен қатар  Қытай мен Ауғанстанға астық жеткізу көлемі артты. Ауғанстанға ұн жеткізу ұлғайды. Жаңа нарықтардың ішінен  астық пен бұршақ тұқымдастарын Солтүстік Африка елдері мен Оңтүстік-шығыс Азияға жеткізе бастағанымызды атап өтуге болады», - деді Нұрлан Оспанов.

Одақ басшысының пікірінше, Қазақстан логистикалық бағдарларды дамыту бойынша шаралар жүргізіп жатыр. Иран бағытында Ақтау портында қосымша астық терминалы мен жаңа темір жол тармағы салынды. Оңтүстік-Шығыс Азия елдері бағытында Қытайдың  Ляньюньган порты арқылы транзиттік дәліз құрылды. Түркия бағытында еліміздің Құрық порты арқылы Баку-Тбилиси-Карск темір жолы дәлізімен жаңа бағдар түсті. Аталған бағдар арқылы түріктің Мерсин порты арқылы Оңтүстік Еуропа, Солтүстік Африка, Таяу Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына шығуға болады.

«Жоғарыда аталған жобалардың ішінде Ақтауда қосымша астық терминалын салу арқылы экспортқа қолдау көрсету жөніндегі жоба бүгінде барынша табысты жүзеге асырылуда. Ол пайдаланылып жатыр және Ақбидай Терминал портының жүктемесін азайтты. Егер астық эквивалентінде ұнды қоса алғанда және бұршақ тұқымдастарының жалпы экспорт көлемі 2016-2017 маркетинг жылында 8 126 758 тоннаны құрады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар