Қазақстан карантиндік 88 тонна өнімді экспорттаушы елдерге қайтарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан карантинге жатқызылған 88,051 тонна өнімді экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«9-15 қыркүйек аралығында құжат тексеру барысында Қазақстан Республикасының аумағына жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді әкелуге қатысты Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы бұзуға жататын 8 факті анықталды», - делінген министрліктің хабарламасында.

3 жағдайда өнім Ресей Федерациясынан  (картоп - 3 тонна, пияз - 8 тонна, қызанақ - 20 тонна) міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатынсыз жеткізілген. Сонымен қатар Үндістаннан 2 жағдайда (тазартылған күнжіт - 36, 654 тонна, пияз - 16,77 тонна), республика аумағына міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінген.

Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасынан 501 дана раушан кесінділерін әкелу кезінде тыйым салынған қол жүгі арқылы заңбұзушылық анықталды.
Сонымен қатар, Әзербайджан Республикасынан 4 тонна шабдалыны әкелу кезінде - шығыс жеміс жемірі карантиндік обьектілер анықталды, ал Өзбекстан Республикасынан 0,627 тонна құрма әкелу кезінде комсток сымыры анықталды.

Заңбұзушылыққа жол берген өнім иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жоғарыда көрсетілген карантинге жатқызылатын өнімдердің жалпы салмағы 88,051 тонна және 501 штук экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар