«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басшысы қызметінен кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, директорлар кеңесінің шешімімен тараптардың келісімі бойынша басқа қызметке ауысуына байланысты басқарма төрағасы Ерлан Сапарғалиұлы Ыдырысовтың өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлады бүгін primeminister.kz.

Е.Ыдырысов 1993-1997 жылдары Қазақ Мемлекеттік аграрлық университетін экономист қаржыгер, 2007-2009 жылдары Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «машина жасау» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1998-1998 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Бюджет бөлімінің материалдық өндіріс басқармасының өнеркәсіп, инвестициялар және табиғи ресурстар бөлімінің экономисті, 1998-2000 жылдары ҚР Қаржы министрлігі бюджет бөлімінің материалдық өндіріс басқармасының өнеркәсіп, құрылыс және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бас экономисті, 2000-2001 жылдары ҚР Қаржы министрлігі бюджет бөлімінің материалдық өндіріс басқармасының өнеркәсіп, құрылыс және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы, 2001 жылы - «Астанаэнергосервис» АҚ Орталық қаржы бөлімінің бастығы, 2002-2004 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Халықаралық қаржы қатынастары департаментінің ел арасындағы қаржы қатынастары бөлімінің бастығы, 2004-2005 жылдары- «Тыныс» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, 2005-2009 жылдары «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Техникалық саясат және инновациялар департаментінің директоры, 2009-2010 жылдары - басқарма мүшесі, вице-президент, 2010-2014 жылдары басқарушы директор, 2014-2015 жылдары басқарма төрағасының орынбасары болған. Қазіргі қызметінде 2015 жылдың ақпан айынан бері жұмыс істеп келген.

Соңғы жаңалықтар