«Қазақстан инжиниринг» басшысының бұрынғы орынбасары қамауға алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ» басқармасы төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков қамауға алынды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның деректеріне сәйкес сот ҰҚК тергеушісінің қолдаухатын қарады және 2 айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады. Әзірге оны ұстау себептері айтылған жоқ.

Бұдан бұрын хабарлағандай, оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. 2015 жылғы ақпаннан бастап ол осы лауазымды атқарды. Бұдан бұрын Қанат Сұлтанбеков Астана әкімінің орынбасары болған.

Соңғы жаңалықтар