Қазақстан Ил-114 ұшағын жасауға қызығушылық танытты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ресейлік жаңа турбовинтті Ил-114 ұшағын өндіруге қатысуға қызығушылық танытты. Бұл туралы РФ вице-премьері Дмитрий Рогозин Иркутскіде ресейлік азаматтық авиацияны дамыту жөніндегі жиында мәлім етті, деп хабарлайды rg.ru .

«Қазақстандық серіктестер БАК-пен (Біріккен авиацияжасау корпорациясы - ред.) бірлесіп Ил-114 ұшағын кастомизациялау орталығын құруға қызығушылық танытты. Ол Байқоңыр қаласында босайтын алаңдарға орналастырылуы ықтимал», - деді Дмитрий Рогозин.

Қос моторлы турбовинтті Ил-114 ұшағын жасауды қайта қолға алу өз ресурсын толық бітірген Ан-24-ті алмастыруға, өңірлік тасымалға есептелген.

БАК президенті Юрий Слюсарьдың айтуынша, 2018 жылы жаңғыртылған Ил-114-ті сертификаттауды аяқтау көзделіп отыр. Ұшақты сериялық өндіру 2022 жылдан басталады. «Иркут» корпорациясы жылына 12 дана Ил-114 ұшағын құрастырады. Әзірге ресейлік нарыққа 57 әуе кемесін әзірлеу көзделген.

Еске сала кетсек, Ил-114 Ильюшин конструкторлық бюросы 1980-ші жылдары жасаған. Ұшақ бетон немесе тығыз топырақ жабындысы бар қысқа ұшу жолақтарында пайдалануға арналған. Сыйымдылығы - 60 жолаушы. Ұшу ұзақтығы  - 1000 километр, сағатына 500 км крейсерлік жылдамдықпен 6000-7200 метр биікте ұшады. 

Фото: Марина Лысцева/ТАСС

Соңғы жаңалықтар