Қазақстан хоккейшілері Әлем чемпионатында Польшаны жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден Қазақстанның ұлттық құрамасы Киевте өтіп жатқан Әлем чемпионатының 1-дивизионында Польша командасынан басым түсті.

Қазақстан үшін жеңіс овертаймда келді және есеп 1:0 есебімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голды қорғаушы Кевин Даллмэн салды. Оған көмектескен шабуылшы Найджел Доус болды.

Бұның алдында Киевте Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореядан (2:5) ұтылды, сонымен қатар Австрияны (3:2) тізе бүктірді.

Осылайша, Эдуард Зенковец бастаған ұлттық құрамамыздың еншісінде бес ұпай бар және топта бірінші орында тұрған оңтүстік кореялықтардан 1 ұпайға қалып келеді.

Соңғы жаңалықтар