Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

Қазақстан халқының табиғи өсімі кеміп барады - ҰЭМ

Қазақстан халқының табиғи өсімі кеміп барады - ҰЭМ
2017 жылғы 15 қараша 10:05 818

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 1 қазанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстан халқының саны 231 мың адамға көбейді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2017 жылғы 1 қазанда еліміздегі халық саны 18 096,9 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалықтар - 10 383, 3 мың (57,4%), ауылдықтар - 7 713,6 мың адам (42,6%). 2016 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда халық саны 231,3 мың адамға немесе 1,3% өсті», - делінген ведомство ақпаратында.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте дүниеге келгендер саны 293,3 мың адамды құраған. Бұл 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 6,2 пайыз аз.

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 18 мың адамға немесе 8,5 пайызға кеміп, 194,9 мың адамды құрады.

Қарастырылып отырған кезең ішінде 98,4 мың адам өмірден озған. Бұл 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 1,3 пайызға аз.

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте республикада 1 жасқа дейінгі 2386 нәресте өлімі тіркелді. 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда, 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 13 пайызға кеміді. Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар. Одан 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте 1195 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 50,1 пайызын құрады. Туа біткен ауытқулардан 574, тыныс органдары ауруларынан - 151  және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан - 129 нәресте қайтыс болды.

 

 

Басты сөздер: ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Қоғам,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер