Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Шымкентте фотобайқау жарияланды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  -  Шымкент қаласының әкімдігі 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай фото-challenge байқауын жариялады. Бұл туралы әкімдіктің Инстаграмдағы парақшасында жазылды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Байқау шартына сәйкес, қатысушы досымен немесе  кез келген өзге ұлт өкілімен суретке түсіп,  өзге ұлттың ұлттық киімін киіп селфи жасауы керек.

«Біз «Ашық ел» деген фото challenge бастаймыз! Қане, Қазақстан халқы - бірлігі мен достығы жарасқан ел екенін көрсетейік. Досыңызбен (таныс, туысқан, көрші) кез келген өзге ұлт өкілімен суретке түсіп немесе өзге ұлттың ұлттық киімін киіп селфи жасаңыз да парақшаңызға #AshyqEL/#АшықЕл хэштегімен жариялаңыз. @akimat.shymkent белгілеңіз. Ең танымал болған 3 суретке 10 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық бар», -  делінген әкімдіктің парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін әкімдік қызғалдақтармен түскен суреттерге  байқауын жариялаған болатын. Оған қала тұрғындарынан  500-ден аса сурет түсіп, үздік деп 20 сурет танылған. Кейіннен қала тұрғындары сол үздіктер арасынан өздеріне ұнаған суретті белгілеп, пікірлерін қалдырды. Осылайша 5 сурет таңдап алынып, олар қаланың орталық көшелеріндегі баннерлерге ілінді. 

Соңғы жаңалықтар