Қазақстан халқы Ассамблеясы «100 жаңа оқулық» жобасына қатысты пікір білдірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Әбілфас Хамедов «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының ерекшелігі жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әбілфас Хамедовтың айтуынша, жоба аясындағы оқулықтар төл тілдерінен аударылғандықтан, олардың құндылығы артады. Себебі төл тілден кәсіби деңгейде аудару кезінде оқулықтың негізгі идеясы, ойы жеткізіледі.

«Жоба гуманитарлық саланы модернизациялаудағы маңызды мәселелерді шешуге бағытталған. Осы оқулықтармен білім алатын студенттер еңбегі қоғамдық сананы эволюциялық модернизациялаудың ғылыми іргетасын салуға негіз болары анық. Бұл оқулықтар жаңа ұрпақтың мамандарын дайындау үшін қажет. Уақыт сұранысына сай дамуды өзімізге міндеттеп алғандықтан, білімнің негізгі бұлағы ретінде жоба аясындағы кітаптардың тиер көмегі орасан зор», - дейді Әбілфас Хамедов.

Оның айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы өсіп келе жатқан ұрпақтың өнегелік және мәдени тәрбиесі жолында үлкен рөл ойнайды. Қазіргі таңның жас азаматтары уақыттың сұранысын сезінуде.

«Жастар өз алдындағы шешуге тиіс мәселелерді айқын біледі. Бұл кітаптар олардың жетістікке жетуіне серпін берері анық», - дейді Әбілфас Хамедов.

Автор: Альберт Ахметов

Соңғы жаңалықтар