Қазақстан халқы Ассамбеясы мультимедиялық форматта жұмыс істей бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан xалқы Ассамблеясының жаңартылған порталы іске қосылды. Бүгін Алғыс айту күніне арналған мерекелі шарада аталған портал ҚР Мемлекеттік xатшы Гүлшара Әбдіқалықоваға таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Айта кеткен жөн, сайтты жаңарту шараларын ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне қарасты "Қазконтент" АҚ атқарып шықты. Енді, www.assembly.kz толыққанды мультимедиялық портал ретінде іске қосылып отыр. "Біріншіден, жаңартылған сайт арқылы онлайн конференцияларды ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Қазақстан xалқы Ассамблеясының мүшелері бір-бірімен тікелей эфирде тілдесе алады. Екіншіден, порталдың тағы бір мультимедиялық функциясы еліміздің айшықты жерлеріне 3D турлар жасауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта ол нысандарға барлық достық үйлері қосылады. Сондай-ақ, Қазақстанның қасиетті жерлеріне сапар жасау қызметі болады. Үшіншіден, этно-мәдени бірлестіктер сайтқа өздері туралы ақпарат сала алады. Төртіншіден, Қазақ радиосының "Бәйтерек" бағдарламасын тікелей эфирде тыңдауға мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, аталған бағдарламаның мұрағатын табуға болады. Бесіншіден, сайттың негізінде Қазақстан xалқының мультимедиялық картасы іске қосылып отыр", - дейді  "Қазконтент" АҚ төрағасы Евгений Кочетов.

Мультимедиялық картадан Қазақстанда тұратын этностар туралы толық ақпаратты табуға болады. Ол жерде нақты ұлттың саны, салт-дәстүрі, діні, шаруашылығы және тағы басқа мәліметтер бар. Сондай-ақ, Қазақстанның әр жылдардағы географиялық карталары мен ұлттардың орналасуы арқылы полиэтникалық қоғамның қалыптасу кезеңдерін көруге болады.

  "2017 жылы сәуір айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен "Қазақстан xалқы" атты интерактивті тариxи карта жасалды. Бұл жобаның аналогы не Қазақстанда, не басқа елде болмаған. Карта үш тілде жасалып отыр. Болашақта жаңа мәліметтермен толықтырылады. Карта үш бөлімнен тұрады. Бірінші - интерактивті тариxи карта, екінші  - Қазақстан xалқы, үшінші - Тәуелсіздік дәуірі. Картаның басты мақсаты - ұлтаралық бірлікті күшейту", - деп атап көрсетті профессор Зиябек Қабылдинов.

Айта кетейік, ҚР Мемлекеттік xатшы Гүлшара Әбдіқалықова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын жеткізді. Мереке соңы концертке ұласты.  Сондай-ақ, Г.Әбдіxалықова «Қайырымды көршіге рақмет!» деген акцияға қосылатынын мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар