Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының белсенділері марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының 20-шы сессиясы өтті. Оған аймақ басшысы, ҚХА Ақмола облыстық филиалының төрағасы Мәлік Мырзалин қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық сананы жаңғырту - бірлікке және келісімге бастар жол» тақырыбымен өткен сессияға өңірде тұратын 600-ге жуық ұлт-өкілдері қатысты. Оның ішінде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына Ақмола облысы атынан енген тұлғалар да бар.

Сессияны ашқан өңір басшысы өз сөзінде Елбасы Н.Назарбаевтың жүргізіп отырған салиқалы саясатының арқасында тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда еліміз әлемдік қоғамдастықта тұрақтылық, бейбітшілік және түсіністіктің жарқын үлгісін көрсетіп келе жатқандығын атап өтті.
null 

«Ұлыстар достастығы - біздің басты байлығымыз, мақтанышымыз. Халық бірлігі - біздің басты жетістігіміз. Осы принциптерді ескере келе Елбасымыз Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Бүгіндері бұл ұлтарлық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтудың азаматтық институтына айналып отыр», - деді Мәлік Мырзалин.

Сессия барысында этномәдени бірлестіктердің атынан Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының төрағасы Мәлік Мырзалиннің орынбасары болып «Видергебурт» облыстық немістер қоғамының төрайымы Светлана Корнеева тағайындалды.

Сессия соңында өңір басшысы Ассамблея белсенділерін «Қазақстан халқы Ассамблеясына - 20 жыл» медалімен, ҚХА бірлігі алтын медалімен,  «Құрмет» грамотасы және Алғыс хатпен марапаттады.

Соңғы жаңалықтар