Қазақстан халқы 18 млн адамнан асты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқының саны 18 млн адамнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2017 жылғы 1 шілдеге еліміздегі халық саны 18 034,3 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар - 10 339,4 мың (57,3%), ауылдықтар - 7 694,9 мың адамды (42,7%) құрады. 2016 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 238,2 мың адамға немесе 1,34% өсті», делінген баспасөз баянында.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-маусымда туылғандар саны 189,3 мың адамға жетті, бұл 2016 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 6,4% аз.

2017 жылғы қаңтар-маусымда республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 12,4 мың адамға немесе 9,2% кеміп,
122,6 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,70 адамды құрады.

 Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 66,7 мың адамды құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 0,7% аз. 

Соңғы жаңалықтар