Қазақстан Гонконгтан статистика саласы бойынша тәжірибе алуда

None
None
БЕЙЖІҢ-ГОНКОНГ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының делегациясы Гонконгқа жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» тілшісі.

Қазақстандықтар Гонконг статистикасы жөніндегі комиссарының көмекшісі, Л.Ю. және Гонконгтың халық санағы мен статистикасы департаментінің басшысы Х.Вонгпен кездесті. Олар статистика саласындағы қазіргі жетістіктермен, атапа айтқанда:  макроэкономикалық, демографиялық және әлеуметтік статистика, ақпараттық технологияларды пайдалану, жұмыс процестеріндегі статистикалық сауаттылық салаларымен танысты.

ҚР делегациясы Гонконгтығы  әріптестеріне Қазақстандағы статистикалық өнімді жетілдіру, бизнес процестерін жаңғырту, халық санағын дайындау мен өткізу кезіндегі статистикалық процестерді автоматтандыру  жетістіктері туралы айтып берді.

Кездесулерді қорытындылай келе тараптар ведомстволар  арасындағы байланыстарды дамыта отырып статистикалық сауаттылықты арттыру, тәжірибе алмасу, сондай-ақ мамандар үшін тренингтер ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар