Қазақстан гендерлік теңдік рейтингінде 4 сатыға төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат- Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда гендерлік теңдік рейтингінде 4 жолға төмендеп, 51-ші орынға тұрақтады. Бұл деректерді Дүниежүзілік экономикалық форум жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Есепке сәйкес зерттеуге 144 ел қатысты. Рейтинг қызметтің түрлі салаларында ерлер мен әйелдердің мүмкіндіктерін талдайды. Сонымен, 68 ел өткен жылмен салыстырғанда, гендерлік алшақтықтың жалпы пайызын ұлғайтқан. Ал 74 ел керісінше төмендеткен. Рейтингте Исландия көш бастап тұр.

Екінші және үшінші орын Финляндия мен Норвегияның еншісінде, ЕАЭО елдері Ресей, Армения және Қырғызстан 75, 0102, және 81-орында, ал Беларусь Республикасы 30-шы орында. Еске салсақ, 2015 жылы «БҰҰ-әйелдер» атауымен белгілі болған гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бойынша БҰҰ құрылымы дайындаған қазіргі әлемдегі әйелдердің жағдайы туралы баяндама жарияланған.

Баяндаманың негізгі мәселелерінің бірі - әйелдерді жұмысқа орналастыру болды. Ондағы деректерге сәйкес жоғары білімі бар әйелдер тарихи жоғары көрсеткішке жеткен, ал олардың жұмысқа орналасуы сын көтермейтін жағдайда. ЖОО-ны үздік аяқтаған жас бойжеткендер жұмыс таба алмайды, жұмысқа орналасқан күннің өзінде әлеуметтік жағынан қорғалмағандықтан, өздеріне сенімсіз.

Соңғы жаңалықтар