Қазақстан ғарыштық саланың инфрақұрылымын дамытуды жалғастырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы ҚР ҚАӨМ мамандары ғарыштық саланың инфрақұрылымдық дамыту, ұлттық спутниктік топтамасын жаңарту, экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту, жобаларды коммерциялау жұмыстарын жалғастыратын болады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл туралы бүгін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов  2017 жылдың қорытындылары мен ағымдығы жылғы міндеттері бойынша кеңейтілген алқа жиналысы барысында айтты. 

«Бәйтерек» жаңа экологиялық қауіпсіз ғарыштық зымыран кешенін құру жобасы бойынша Жол картасын жүзеге асыру, сондай-ақ «Зенит-М» ҒЗК жерүсті ғарыштық инфрақұрылым нысандар Ресей Федерациясы жалға алған объектілер құрамынан шығарып, оларды Қазақстан Республикасына беру бойынша жұмыстары жалғастырылады.

«KazSat» спутниктік байланыс жүйесінің және Жерді қашықтықтан зондтау жүйесінің спутниктері штаттық режімде қызмет атқаруда және экономика, қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздік мәселелерінің шешуін табысты қамтамасыз етуде.
null 

2017 жылы ішінде «KazSat» жүйесі 5 млрд теңгеден астам кіріс әкелді және шетел спутниктердің ресурстарын пайдалануды қысқарту арқылы 12 млрд теңге сомасына импорт алмастыруды қамтамасыз етті.

2017 жылы мемлекеттік органдар мен ұйымдарына ЖҚЗ ғарыштық жүйесінің көмегімен Жер үстінің 11,5 млн шаршы км көлемінде 1,2 млрд теңге сомаға ғарыштық суреттер берілді. Сонымен бірге, импорт алмастыру 12 млрд теңгеден астам қаржыны құрды.
null

null 

Бұдан басқа, ғарыштық технологияларды сыртқы нарықтарға ілгерілету мәселесіне айрықша көңіл бөлінеді. Басты назарда көрші елдердің нарықтары: Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан. Бүгінгі таңда бұл елдерде өз ғарыштық байланыс жүйелері жоқ. 

Таяуда болған Қазақстан делегациясының Қырғызстанға жұмыс сапары барысында  ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша мәселелері талқыланды, соның ішінде қырғыз әріптестеріне Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайларды алдын алу мен жою органдарының мүдделеріне орай қазақстандық ғарыштық жүйелерді бірлесіп пайдалану жөнінде ұсыныс жасалды.

Жақын арада Қырғыз Республикасымен жасалған келісімдер шеңберінде жобаларды жүзеге асыру бойынша Жол картасы әзірленетін болады.

Соңғы жаңалықтар