Қазақстан футзал құрамаларының үздік ондығына енді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның футзалдан құрамасы Колумбияда өткен 2016 жылғы әлем чемпионатынан кейін жаңартылған ТОП-10 рейтингіне кірді, деп хабарлайды Sports.kz Futsalworldranking.be порталына сілтеме жасай отырып.

Қазақстан 1 465 ұпаймен 9 орынға тұрақтады. Рейтинг басында Бразилия (1 915) тұр, одан кейін - Испания (1 891) және Ресей (1 758) бар. Сонымен бірге, үздік ондыққа Аргентина, Италия, Иран, Португалия, Украина және Әзербайжан кірген.

Колумбияда өткен әлем біріншілігінде Қазақстанның футзалдан құрамасы плей-оффқа шығып, 1/8 финалда Испания ұтылды. Турнирде Аргентина чемпион атанып, Ресей вице-чемпион болды.

 

Соңғы жаңалықтар