Қазақстан ЭЫДҰ комитетінің қатарына қабылданды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан алғаш рет Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Білім саясаты комитетінің қатарына қабылданды, деп хабарлайды ҚР БҒМ-ның баспасөз қызметі.

Бұл - Қазақстанның білім мен экономикада, адами капиталды дамытуда озық көрсеткіштері бар елге деген сенімнің және анағұрлым тығыз ынтымақтастыққа ұмтылудың жоғары белгісі. Білім берудің барлық деңгейлерінің реформасы жөніндегі жұмыс шақырудың алғышарты болды. Бұл жаңартылған мазмұнды енгізу, үш тілде білім беру саясатын, соның ішінде халықаралық ағылшын тілін белсенді дамыту, ЖОО дербестігін кеңейту және басқа да шаралар.

2015 жылы еліміз TIMSS зерттеуінің нәтижелері бойынша көшбасшы елдердің қатарына кірді. 2016 жылға қарай Қазақстан TIMSS және PISA зерттеулеріне үш мәрте қастысты, нәтижелерін айтарлықтай жақсартты. Сондықтан қазақстандық білім беру жүйесінің ЭЫДҰ Комитетінің тануы ретіндегі жетістігі қазақстандық оқушылар мен мұғалімдер де қамтамасыз етті.  

Білім берудің барлық деңгейлерін тәуелсіз бағалау - еліміздің ЭЫДҰ Білім саясаты комитетіне кіру шарты болатын. Оған қоса, ересек халықтың (PIAAC) және мұғалімдердің (TALIS) құзыреттеріне ұлттық зерттеу өткізу керек еді. Соңғысы - жоғары білім бойынша болды, ол наурыз айында аяқталды.

Осы жұмыстардың бәрі Қазақстанның білім саясатын тең құқылы талқылау үшін ЭЫДҰ клубына кіруге мүмкіндік берді.

«Алда - PISA, TALIS және PIAAC үш маңызды зерттеуге үнемі қатысу, ең бастысы - елдің игілігіне жұмыс істеу, әрқайсысына және жалпыға сапалы білім беру», - делінген хабарлдамада.

Соңғы жаңалықтар