Қазақстан ЭЫДҰ Болат комитетіне қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстан Республикасының Болат комитетіне қосылу туралы өтінішін қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2017 жылғы 28-29 қыркүйектегі Қазақстанның болат саласындағы саясатына шолу қорытындылары бойынша Болат комитеті ЭЫДҰ Кеңесіне Қазақстанды қауымдастырылған мүше ретінде шақыру туралы шешім қабылдаған болатын. Бүгін ЭЫДҰ өтінішті мақұлдағаны белгілі болды», - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері Қазақстан тарапы аталған Комитет мүшелігіне қабылдану бойынша 5 жылдан бері қажырлы еңбек етіп келгенін тілге тиек етті.

«ЭЫДҰ Болат комитетіндегі қатысу мәртебесінің артуы Қазақстанның саладағы тенденцияларды бақылауын мейлінше жеңілдетеді. Сондай-ақ, ЭЫДҰ еншісіндегі мол зерттеу-талдау материалдарына шектеусіз қолжетімділікке ие болдық», - дейді ҚР ИДМ қызметкерлері.

ЭЫДҰ 1961 жылы құрылған, Ұйымға 35 мемлекет, соның ішінде Германия, Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Жапония және Аустралия мүше. Әлемдік болат өндірісінің 45%-і, ал экспортының 75%-і дәл осы ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің үлесіне тура келеді.

Фото: kursiv.kz

Соңғы жаңалықтар