Қазақстан Еуропалық одаққа Орталық Азиядағы рөлін күшейтуді ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Еуропалық одақтың Орталық Азиямен алдағы ынтымақтастығы бойынша Қазақстан ұсыныстарын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол Қазақстанның жеке кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес бойынша бірлескен жұмысының қайта жаңаруын көргісі келетінін жеткізді.

«Біз Еуропалық одаққа Орталық Азияның түрлі жобаларына жеке еуропалық капиталды тартуға көмектесетін жаңа механизмдер жасап шығаруды ұсынамыз. Бұл еуропалық компаниялардың өңірлік нарыққа шығуына жаңа мүмкіндіктер ашады және өңірдегі ЕО рөлін күшейтеді», - деді Сыртқы істер министрі ЕО мен Орталық Азия қатынастарының 25 жылдығына арналған кездесуде.

Министр Қазақстан Орталық Азияның жай ғана транзиттік өңірі болып қалмауы керек деген пікірде. Орталық Азия елдерінің экономикасын тиімді әртараптандыру үшін және сұранысқа ие жоғары технологиялы өндірістерді құру үшін ЕО тәжірибесін қолдану қажет.

Сонымен бірге, Қазақстан цифрландыруда, экология, су ресурстары, адам құқықтары және заңның үстемдік құруы мәселелерінде жаңа тәжірибелерді қолдануға мүдделі.

Одан бөлек, Қазақстан Ауғанстанның тұрақталуына қолдау көрсетуді жалғастыруды ұсынды.

«Жалпы алғанда біз Еуропалық одақты жаңа стратегия аясында Орталық Азиядағы рөлін күшейтуге шақырамыз», - деп түйіндеді сөзін Қайрат Әбдірахманов.

Өз кезегінде Орталық Азия бойынша ЕО өкілі Петер Буриан аталған ұсыныстарды мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар