Қазақстан Еуразия туристік ұйымымен меморандум бекітті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қазақстанның туристік қауымдастығы мен Еуразия туристік ұйымы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Меморандум сейсенбі күні Таразда өткен «Ancient Taraz-2017» халықаралық туристік форумы аясында бекітілген.

Сондай-ақ, Қазақстанның туристік қауымдастығы Тәжікстанның, Әзербайжанның, Өзбекстан мен Украинаның туризм қауымдастықтарымен келісім орнатты.

«Олардың көпшілігі тәжірибе алмасу, өзара жарнамаға жөнінде, - дейді Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму даму басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова. - Жалпы саны 9 меморандум бекіту жоспарланған болатын, бірақ техникалық себептерге байланысты қонақтардың екеуімен келісім орнатылмады.Алайда, олар форумға келіп, облысымыздың туристік әлеуетін көріп, міндетті түрде келісімшарт бекітетіндерін айтты».

«Бұған дейін халықаралық туристік форумдарда ғана естіп келген Ұлы Жібек жолының элементтерімен таныстым. Таразда оның барлығын өз көзімізбен көрдік және барлық мәліметті Украинаға жеткізгелі отырмын. Украиналық туристер де Жамбыл облысына келіп, көне жәдігерлермен танысуы қажет. Меморандум орнатудың басты себебі осы», - дейді Украинаның экологиялық туризм қауымдастығының басқарма басшысы Сергий Пидмогильный.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, меморандумдарға қол қоюдан бөлек, «Ancient Taraz-2017» халықаралық туристік форумы аясында Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Германия Федеративті Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мафаэль Рольфпен және ЮНЕСКО өкілі Криста Пиккатпен кездесті. Жүздесулер барысында ауқымды туристік әлеуеті бар Жамбыл өңірімен ынтымақтастықтың тиімді әрі табысты болатыны аталып өтті.

Форумға Қытай, Корея, Малайзия, Германия, Ресей, Қырғызстан және өзге де мемлекеттерінен келген 350-ге жуық туризм мамандары келді. 

Жамбыл облысында 44 туристік фирма, 150 қонақ үй, бір киіз үй қалашығы, 8 демалыс орны, 10 балаларды сауықтыру орталығы және бірегей шипалы балшығы мен минералды сулары бар 5 санаторий-курорттық шипажай бар.

Соңғы жаңалықтар