Қазақстан елшісі Франциядағы қазақстандықтар ассоциациясының төрағасын қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жуырда Қазақстанның Франциядағы елшілігінде Қазақстанның Франциядағы елшісі Жан Ғалиев «AKF» (Франциядағы қазақстандықтар ассоциациясы) төрағасы Берлин Иришевпен кездесті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Тараптар бүгінгі таңда Ассоциация құрамындағы Қазақстан азаматтарын алаңдататын көкейтесті мәселелерді талқылады. Әңгіме барысында Францияда Қазақстанды танытып білдіру, еліміздің шетелдегі достары қатарын ұлғайту мақсаттарын көздей отырып, ортақ шаралар ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылды.

Елші қазақстандық қоғамдастықтың өкілдерімен жүйелі түрде конструктивті диалогта болуды айтты. Сондай-ақ ол Францияда тұрып жатқан отандастарымыздың, тарихи Отанымен тығыз қарым-қатынасқа ұмтылушы диаспора мүшелерінің қатарын біріктіруді қолдайтыны туралы тағы бір айтып өтті. Одан бөлек, дипломатиялық өкілдіктің басшысы сұхбаттасына азаматтарды консулдық есепке алудың маңыздылығын хабарлады.

Сұхбат барысында Б. Иришев әлемдік және қазақстандық экономика жағдайы туралы, қазақстандық-француз ынтымақтастығының болашағы жайында өз талдауымен бөлісті.

Оның айтуынша ФҚА мүшелері екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолында әртүрлі салаларда айтарлықтай мүмкіндіктерге ие.

Соңғы жаңалықтар