Қазақстан Елшілігі Мәскеуде терезеден құлаған студент қыздың мәселесін бақылауға алды

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты ғимаратының терезесінен құлап кеткен қазақстандық қызға қатысты оқиға РФ-дағы ҚР елшілігінің айрықша назарында, деп хабарлады дипөкілдіктің баспасөз қызметінен.

«Мәскеудегі Никулин ауданаралық тергеу бөлімінің мәліметтеріне сәйкес, 13 сәуір  күні ММХҚИ оқу ғимаратынан құлап кеткен 1997 жылы туған ҚР азаматшасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шараларының мүддесіне сәйкес, жүргізіліп жатқан іске қатысты әзірге ешқандай мәлімет жарияланбайды», - деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметінен.

Дәрігерлердің дерегіне сүйенсек, қазақстандық студенттің 15 сәуірдегі жағдай бойынша хәлі өте ауыр, бірақ қалыпты, бірнеше жедел ота жасалған.

«Институттың тәрбие жұмыстары бойынша проректоры И.Логиновпен кездесу өткізіліп, алдағы уақытта студент қыздың анасының жатақханада ақысыз түрде бірге тұру мәселесі шешілді. Қыздың ата-анасына Қазақстан Республикасы мен Ресей заңнамаларының аясында қажетінше қолдау жасалды. Құлап кеткен қызға қатысты оқиға РФ-дағы ҚР елшілігінің айырықша назарында», - деп жазылған хабарламада.

Қазақстандық студенттің жағдайын ата-аналары келгенше бақылау мақсатында Консулдық бөлімінің күшімен Склифосовский ҒЗИ ауруханасына кезекшілік қойылды.

 




Фото: press-unity.com

Соңғы жаңалықтар