Қазақстан ЕЭО аумағындағы аса ауқымды шағын қаржы нарығына ие

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдер аумағында ең үлкен және дамыған шағын қаржы нарығы Қазақстан нарығы болып отыр, ол жиынтық шағын кредиттеудің 48 пайызға жуығын құрайды, деп хабарлады ranking.kz.

Microfinance Information Exchange (MIX) халықаралық ұйымының деректеріне сәйкес Қазақстанның шағын қаржылық ұйымдарының жиынтық қарыз портфелі 426 млн долларды құрайды. Бұл шамамен ЕАЭО, шағын қаржы ұйымдарының экономикаға бірлесіп берген кредиттерінің жиынтық мөлшерінің 48 пайызға жуығы.

Екіншісі  Армения -  банктік емес ХҚҰ  жиынтық портфелі 181 млн долларды немесе жалпы нарықтың 20 пайызын құрады. Қырғызстан үшінші орында, онда шағын қаржы ұйымдары кредиттерінің жалпы сомасы 151 млн долларға бағаланады. Бұл ЕАЭО ХҚҰ нарығының 17 пайызы.

MIX бағалауы бойынша Ресей ХҚҰ қарыз портфелі 128 млн долларды құрайды. Беларусьта шағын кредиттік нарық мүлдем жоқ.

Соңғы жаңалықтар