Қазақстан ДСҰ аясында сарапшылар қауымдастығын құруды қолдайды - ҚР СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жуырда Буэнос-Айресте өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) Министрлік конференциясының 11-ші сессиясының қарсаңында Қазақстанның ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжанованың қатысуымен ДСҰ-ға қосылу бойынша Қытай «дөңгелек үстелінің» 6-шы отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қытайлық «дөңгелек үстел» ДСҰ Хатшылығы және Қытайдың бірлескен бастамасы болып табылады, ол ДСҰ-ға кіру және ДСҰ-ға мүше болудың алғашқы жылдарындағы тәжірибелерімен бөлісу үшін мемлекеттер үшін алаң ретінде қызмет етеді.

ДСҰ-ға кіру үдерісі бірегей болғанына қарамастан, қосылуға ниет білдірген елдер жаңа ДСҰ мүшелерінің тәжірибесі мен олардың ұлттық мүдделерді сақтау және оны келіссөздер жүргізу стратегиясын және тактикасын дамыту үшін қолдануға бейімдей алады.

ДСҰ құрылған сәттен бері 36 ел осы ұйымға мүше болды және тағы 21 мемлекеттің ұйымға қосылуды күтіп отыр.

Кездесудің тақырыбы «ДСҰ-ға кіруді ынталандыру үшін ережелер негізінде көпжақты сауда жүйесін нығайту» болды. Қытай «дөңгелек үстеліне» ДСҰ-ның 11-ші Министрлер Конференциясының төрағасы Сусанна Малкорра, ДСҰ Бас директоры Роберто Азеведо, ҚХР Коммерция министрі Жан Вонг, Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директорының орынбасары Алан Вулф, ДСҰ Сауда өкілінің орынбасары Кара Моррои, Еуропалық Комиссияның ДСҰ мәселелері бойынша директоры Денис Редоент, сондай-ақ ДСҰ-ға кіру бойынша негізгі келіссөздер жүргізушілері Ресей Федерациясы, Сауд Арабиясы, Оман, Беларусь Республикасы және басқа да елдер қатысты.

Ж. Айтжанова Қазақстанның ДСҰ-ға қосылу тәжірибесінің күрделілігі мен бірегейлігін атап өтті. Қазақстанның бас келіссөз жүргізушісі елдегі экономикалық және сауда саясатының либерализациялауына бағытталған реформаларды жүргізудің маңыздылығына тоқтады. Ол ұлттық заңнаманы және құқық қолдану практикасын ДСҰ нормалары мен ережелеріне сәйкес келтіру мақсатында ведомствоаралық үйлестірудің маңыздылығын атады. Қазақстандық келіссөз процесінің бірегейлігі, сондай-ақ күрделілігі, біздің елдің басқа интеграциялық бірлестіктің, Ресей мен Беларусь өкілдерінің қатысуымен Кеден одағының мүшесі ретінде ДСҰ-ға қосылды.

Oсылайша, Қазақстан Кеден одағы мүшелерімен ДСҰ-ға кіру шарттарын үйлестіруге тура келді, бұл өз кезегінде жаһандық сауда ұйымы құрылғаннан бері бұрын-соңды болмаған тәжірибе болды. Қорытындысында, Қазақстан ДСҰ-ға кіру процесінде тұрған елдерге техникалық көмек көрсету үшін келіссөз жүргізушілердің қатысуымен сарапшылар қауымдастығын құруды қолдайды.

Соңғы жаңалықтар