Қазақстан - допинг үшін медалінен айырылған әлемдегі екінші ел

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Fox Sports телеарнасы допинг сынама оң нәтиже көрсеткен 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарындағы медальдарынан айырылған спортшылардың деректерін жариялады, деп хабарлады Sports.kz.

Тізімде Қазақстан екінші орында: Халықаралық олимпиада комитеті бұл елді 9 медалінен айырса, Ресей 19 медальдан айырылып,  көш бастап тұр.

Үштікке  7 наградасынан айырылған Беларусь те кірді.  Fox Sports атап өткендей, ең көп заң бұзушылық ауыр атлетикада    -26. Жеңіл атлеттерден 18 медаль, палуандардан 5. Әйелдерде оң нәтиже көрсеткен допинг-сынама  -  31, ал ерлерде - 18.

 2008 жылғы Олимпиада ойындары  нәтижесін қайта тексеруде Қазақстанда ауыр атлет Илья Ильин («алтын»), ауыр атлет Ирина Некрасова («күміс»), еркін стильдегі палуан   Таймураз Тигиев («күміс»), ауыр атлет Мария Грабовецкая («қола») және грек-рим стилінің палуаны Әсет Мәмбетов («қола») медальдарынан айырылды.   2012 жылғы Олимпиада ойындарында  алған    Ильиннің  және  ауыр атлеттер Майя Манеза, Светлана Подобедова  мен Зульфия Чиншанлоның медальдары кері қайтарылды.  

Соңғы жаңалықтар