Қазақстан Doing Business рейтингінде 35-орынға көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан биылғы Doing Business рейтингінде 41-орыннан 35-орынға бір-ақ көтерілді.

Doing Business көрсеткіштері бойынша, Қазақстан, Бруней, Кения, Беларусь, Индонезия, Сербия, Грузия, Пәкістан, БАӘ және Бахрейн 2015-2016 жылдары экономикасы елеулі ілгерілеген мемлекеттер қатарына енді.

Биылғы рейтингте Жаңа Зеландия көш бастап, ондаған жылдар бойы тақтан түспеген Сингапурды екінші орынға жылжытты. Сонымен бірге, үздік ондықта Дания, Гонконг, Корея Республикасы, Норвегия, Ұлыбритания, АҚШ, Швеция және Македония елдері бар.

Қазақстан Жапония мен Румыния арасынан орын алса, Беларусь 37-орын, Армения - 38, Ресей - 40, Қырғызстан - 75, Өзбекстан - 87, ал Тәжікстан - 187-орынға тұрақтады. Doing Business баяндамасы осымен 14-рет жарық көрді және 190 мемлекетті қамтыды.

Соңғы жаңалықтар