Қазақстан дипмиссиясы БҰҰ ҚК-дегі қызметін қамтамасыз ету үшін жұмысын бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның дипломатиялық миссиясы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі қызметін қамтамасыз ету үшін жұмысын бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Бұрын хабарланғанындай, республика 1 қаңтардан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағалығын қабылдады.

Ертең Қазақстанның дипломатиялық миссиясы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмыс бағдарламасын ресми таныстырып, бекітеді. Сондай-ақ БҰҰ мүшелері мен халықаралық БАҚ-қа қаңтардағы бағдарламасы туралы ақпарат береді.

Соңғы жаңалықтар