Қазақстан чемпионын қағып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда 15 жасар мектеп оқушысы Владимир Беленикинді қағып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жәбірленушінің әкесі Александр Беленикиннің сөзінше, күдікті кеше сағат 23:00 шамасында қолға түскен.

«Бізге тәртіп сақшылары хабарласып, баламды соққан жүргізушінің табылғанын айтты. Күдікті көлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін куәгерлер байқап қалған. Қазір күдіктіге қарсы тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Маған кеше жан-жақтан 600-дей адам хабарласып, көмектерін ұсынды. Олардың көбін танымаймын. Барлықтарыңызға алғыс!» - деді Александр Беленкин агенттік тілшісіне.

Еске салсақ, 24 сәуір күні сағат 08:30 шамасында 15 жасар мектеп оқушысы Владимир Беленикинді көлік қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан.

Айта кетейік, жәбірленуші В.Беленикин панкратионмен кәсіби түрде шұғылданады. Ережесіз жекпе-жектен Қазақстан чемпионы деген атағы бар.

Соңғы жаңалықтар