Қазақстан БҰҰ ҚК мүшесі ретіне жаһандық деңгейде шешімдер қабылдайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Келесі жылы Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіне жаһандық деңгейде шешімдер қабылдайтын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Тәуелсіздігің 25 жылдығы мен Адам құқықтарының халықаралық күніне арналған дөңгелек үстел барысында еліміздің Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Адам құқығы еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыты және ең басты құндылықтардың бірі болып табылады. Ұлы дала елінде құқықтық мәдениет қалыптастырудың дәстүрлі тамыры тереңде жатқаны белгілі. Атап айтсақ, ғасырлар сынағынан өткен Жеті жарғы заңдар жинағы адами құқықты сақтауда айрықша рөл атқарып, 200 жылдай қолданыста болды. Сондай-ақ дала демократиясына негізделген билер институтының қызметіне ресейлік, еуропалық зерттеушілер жоғары әділдікпен адамгершілікке негізделген дана сот жүйесі деген баға берген болатын», - деді Мемлекеттік хатшы.

Оның атап өтуінше, Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге, сақтау мен қорғауға міндеттеме алып, БҰҰ-ның адам құқығына қатысты 60-тан астам халықаралық келісімшарттарын ратификациялады.

«Қазақстан ширек ғасырда БҰҰ-ның, ЕҚЫҰ-ның, ИЫҰ-ның, ЕЭАО-ның және басқа да көптеген халықаралық ұйымдардың беделді мүшесіне айналды. Келесі жылдан бастап БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіне жаһандық деңгейде шешімдер қабылдайтын болады.

Бұған қоса, 2016 жылы ҚР өзінің адам құқықтары саласында қабылдаған міндеттемелеріне байланысты дайындалған 2 Ұлттық баяндаманы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті және Күштеп жойып жіберуден қорғау комитетінде сәтті қорғап шықты», - деді Әбдіқалықова

Соңғы жаңалықтар