Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің брифингіне қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Омаров ДАИШ пен «Әл-Каида» ұйымдарына қатысты 1 267 Санкциялық комитеттің төрағасы ретінде Қауіпсіздік Кеңесінің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік қауіп-қатерлері брифингінде баяндама жасады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қ.Омаров Қауіпсіздік кеңесі мүшелеріне сапарлауға тыйым салу, активтерді бұғаттау және қарулы эмбарго сияқты лаңкестік әрекеттерге қатысы бар тұлғалар мен халықаралық  террористік ұйымдарға қатысты БҰҰ ҚК салған санкцияларды ұстануын бақылайтын аталмыш санкциялық комитеттің 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы мәлімдеді.

Қ. Омаров 1267 санкциялық режиммен Ұйымға мүше-мемлекеттердің ынтымақтастығын жандандыруға, соның ішінде санкциялар тізіміне жеке тұлағалар мен ұйымдардың атауын енгізуге бағытталған Санкциялық комитеттің іс-шарасын атап өтті.

Қазақстан 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі және ДАИШ пен «Әл-Каида», «Талибан», Сомали мен Эритреядағы ұйымдарға қатысты үш санкциялық комиссияны басқарады.

Соңғы жаңалықтар