Қазақстан Бітімгерлік бригадасы жаңа үлгідегі қару-жарақ пен әскери дайындығын таныстырды

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Қарулы күштерінің Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшылығы жаңа үлгідегі қару-жарақ пен әскери техника үлгілерін таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін БАҚ өкілдері үшін арнайы пресс-тур ұйымдастырған ҚР Қарулы күштерінің Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшылығы алдымен 61993 әскери бөлімшесінде қару-жарақ үлгілерін таныстырды.

Мұнда негізінен Қазақстанның Бітімгерлік бригадасының әскери мүліктері мен қару-жарақ мүмкіндіктері қойылған. Соның ішінде, бірінші көзге түскені - АҚШ-та жасалған Хаммер көліктері.

null  

500 аттың күші бар, автоматты беріліс қорабымен жүретін мұндай Хаммердің 65 данасы Бітімгерлік бригадасына алынған. 100 шақырымға 25 литр дизель отынын жағатын Хаммерлер жылдам жүрісімен өзінің қажеттілігін көрсетіп отыр. Хаммер жауынгерлік тапсырмаларды орындау, бөлімшелерді басқаруды ұйымдастыру, техника лектеріне еріп жүру және т.б. кездерінде жеке құрамды тасымалдауға арналған. Артықшылықтары: өткіштігі жоғары, ату қаруларын орнату мүмкіндігі бар, климаттық ауыр жағдайларға бейімделгіш.

null

Сонымен қатар, Хаммер көлігінің медициналық нұсқасы да танысытырылды. Жараланған 4 адамды майдан даласынан алып шығып, медициналық жәрдем көрсете алатын брондалған көліктің бұл түрі бүгінгі таңда Қазақстан Армиясында бейбіт күнде де қызмет етіп жүр.

Бітімгерлік бригадасында пайдалануға берілген тағы бір жаңа техника - ол өзен, көл, теңіз, тіпті шалшық суларды да тазартып ішуге жарататын су тазартқыш әмбебап құрылғы. Сағатына 2250 литр суды тазартып, ішуге жарамды ететін бұл құрылғының салмағы 8,5 тонна, ол тіркеме ретінде кез келген көлікке тіркеліп жүреді. Қозғалтқышының қуаты 30 кВт. 
null  

Бүгінгі пресс-турда бұған дейін де қолданыста келе жатқан қару түрлері де көрсетілімге қойылған. Атап айтқанда, Гаубица Д-30 қаруы. Ол - ашық және тасадағы жаудың алдыңғы шебіндегі тірі күштерін, қарулар мен әскери техникаларын бригада мүддесінде жоюға арналған. Оның максималды ату қашықтығы - 15,3 шақырым, ату шапшаңдығы минутына 6-8 оқ, топта 6 адам болады.

Сонымен қатар, бүгін ЗУ 23-2 зениттік құрылғысы, АК-74 атыс қаруы мен СВД мергендер винтовкасы әуе-десанттық техника мүліктері де журналистерге көрсетілді. Қазақстанда жасалған Камаз базасындағы МЦ Р-140 радиостанциясы мен Камаз базасындағы штаб көлігі және техникалық көмек көрсету көлігі де назардан тыс қалмады. Техникалық көмек көрсету көлігінде істен шыққан көліктерге дереу, оқиға орнында техникалық жөндеу қызметін көрсетуге арналған.

Пресс-тур аясында арнайы брифингте сөз алған ҚР Қарулы Күштері  Десанттық-шабуылдау әскерінің қолбасшысы Алмаз Жұмакеев брифингте бүгінгі таңда Бітімгерлік миссиясы үшін Қазақстанда арнайы рота дайын екенін айтты. 
null null  

«Былтыр ҚР Қарулы күштерінде Бітімгерлік миссияларды қашан және қайда пайдалануға болатыны туралы Заңға қол қойылды. 2003 жылдан бері Бітімгерлік миссияларын атқаратын «ҚазБат» жасақталғанын білесіздер. Бүгінгі күнде Қазақстан Бітімгерлік миссиясы еліміздің шекарасынан тыс жерлерде қызмет атқарып жүр. Қазақстан Бітімгерлік бригадасы НАТО, ҰҚШҰ, ШЫҰ бөлімдерімен бірігіп жұмыс жасауға бейімделген. Біздің барлық офицерлік құрам ағылшын тілін жетік біледі. Бүгінде біздің Бітімгерлік ротаның дайындығы жоғары деңгейде», - деді ҚР Қарулы Күштері  Десанттық-шабуылдау әскерінің қолбасшысы Алмаз Жұмакеев.  

Қазақстан Бітімгерлік бригадасының командирі подполковник Болат Дүйсенбаевтің айтуынша, бүгінде Бітімгерлік миссиялары үшін Қазақстан Қарулы күштерінде 170 адам дайын. Оларға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сабақтар өткізіледі.
null  null  

«22 шілдеден 4 тамызға дейін біз арнайы жаттығулар өткіземіз. Оған АҚШ, Ұлыбритания, Қырғызстан, Өзбекстаннан офицерлер, мен сержанттар, нұсқаушылар құрамы келеді. Жаттығуға 1000-нан астам адам қатысады. Бүгінгі таңда 170 адамнан тұратын Бітімгерлік ротасы бітімгерлік миссияларға дайын. Осындай жаттығулар біздің әскерді шыңдай түседі. Өткен сенбі күні ҚР Қорғаныс министрі 170 адамның дайындығын тексерді. Оқу жаттығулар тәжірибелік тәсілді дамытуға арналған», -  Қазақстан Бітімгерлік бригадасының комсандирі  Дүйсенбаев Болат.     

null  

Айта кетейік, Десанттық-шабуылдау әскерлері - ел Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының резерві. Әскери-саяси жағдайлардың күрт өзгеруі кезіндегі дағдарысты жедел шешуге; мемлекеттің ұлттық мүддесін қорғау мақсатында кенеттен туындаған жағдайларды орындауға және операция бағытына әскерлерді топтастыруды нығайтуға арналған.
null  

Елде және сырт жерлерде де бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау мақсатындағы Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттерін орындауға қатыса алады. Бейбіт және соғыс жағдайында қауіп төнген бағыттар мен аудандарға шұғыл жетуге және кенеттен туындаған тапсырмаларды орындауға әрдайым дайын тұрады. Олардың құрамына десантты-шабуылдаушы бөлімшелер, бөлімдер мен құрамалар, сондай-ақ, арнайы бөлімдер, тыл және техникалық қамтамасыз ету бөлімдері кіреді. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің арнайы мақсаттағы дербес инженерлік-саперлік жасағы 2003-2008 жылдар аралығында Ирак Республикасында бейбітшілік және қауіпсіздікті сақтау бойынша Коалициялық күштер құрамында бітімгершілік миссияны атқарған болатын. 

Соңғы жаңалықтар