Қазақстан Бейжіңдегі ШЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері маусым айында Циндао қаласында өтетін  ШЫҰ саммитінің күн тәртібін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бейжіңде өткен кездесуде Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан сыртқы істер министрлері ШЫҰ саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы болашақ қызметі міндеттерін, Циндао декларациясының жобаларын және ұйымның ағымдағы қызметі туралы бірқатар шешімдерді қарастырды», - деп хабарлады министрлік.

Сонымен бірге, отырыс қатысушылары халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, 2017 жылдың маусым айында Астанада өткен ШЫҰ саммитінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын қарады.

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ШЫҰ-ға мүше елдердің көліктік маршруттарының ауқымды жүйесін ескере отырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен теміржолдарды дамыту мәселесінің өзекті екенін атап өтті.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның ШЫҰ Іскерлік кеңесі мен ШЫҰ Банкаралық бірлестігінің министрлік кездесулер мен жұмыс топтарының кеңейтілген ынтымақтастығына қосылуын қолдайтынын жеткізді және

сауда-экономикалық салада қабылданған құжаттарды түгендеуді жүргізуді, оларды одан әрі іске асыруды ұсынды.

Кездесу қарсаңында делегациялар басшылары Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Онда қытайлық тараптың ШЫҰ-ны дамытуды елдің сыртқы саясатының басымдықтарының бірі ретінде қарайтынын және басқа мемлекеттермен бірлесе отырып, саяси салада өзара қолдау көрсетуге, аймақтағы тұрақтылыққа, «белдеу және жолдар» бағдарламасы аясында ынтымақтастықты тереңдету мен гуманитарлық алмасуға дайын екені айтылды.

Соңғы жаңалықтар