«Қазақстан Барысы» Мароккодағы Гран-Приде медальсіз қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ күресі бойынша танымал турнир - «Қазақстан Барысының» жеңімпазы Еламан Ерғалиев Марокконың Агадир қаласында дзюдодан өткен Гран-Приде медальсіз қалды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА. 

100 келіден артық салмақта өнер көрсететін Ерғалиев 1/8 финалда словениялық Вито Драгичуден жеңіліп қалды.

Қола жүлде үшін өткен матчта сәйкесінше Ислам Бозбаев (90 кг) пен Виктор Демьяненко (100 келіге дейін) қарсыластары бельгиялық Йоахима Ботто мен неміс Карл-Рихард Фрайға есе жіберді.

Осылайша, Мароккодағы Әлем кубогында ҚР құрамасы 1 алтын (Гусман Қырғызбаев), 1 күміс (Ерлан Серікжанов) және 1 қола (Бекәділ Шаймерденов) медаль алды.

Соңғы жаңалықтар