Қазақстан, Әзербайжан, Грузия теміржол әкімшіліктері жүк ағынын ұлғайтуға уағдаласты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бакуде өткізілген теміржол әкімшіліктерінің басшылары Қ. Алпысбаев, Д. Гурбанов, М. Бахтадзенің жұмыс барысындағы кездесуінде Қазақстан, Әзербайжан, Грузия арасында жүк тасымалы көлемін өсіру туралы мәселе талқыланды.

Кездесу қатысушылары үш ел арасындағы Транскаспий халықаралық дәлізімен 2017 жылы жүк ағынын ұлғайту үшін жұмсақ тариф саясатын ұстанудың қажеттігін алға тартты. 2020 жылдарға қарай аталмыш бағдарда контейнерлік пойыз мың данаға дейін жеткізілмек.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев жұмыс сапары аясында «Грузия темір жолы» АҚ бас директоры Мамуко Бахтадземен, «Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ төрағасы Джавид Гурбановпен екі жақты келіссөздер өткізді.

null  

Тараптар көлік және логистика саласындағы өзара серіктестікті одан әрі дамыту, оның ішінде темір жол көлігі машинасын жасау жайын талқылады, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Д. Гурбановпен кездесуде ағымдағы жылы Әзербайжанға «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ының өнімі «Evolution» сериясындағы 10 жүк тепловозы жіберілгендігі айтылды. Келесі жылдан бастап Әзербайжан темір жолына «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС өндірісінен шыққан электровоздар жіберіле бастайды. 2019 жылға дейін Әзербайжанға 40 электровоз жеткізу жоспарланып отыр.

Кездесу соңында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ арасында темір жол көлігі машиналарын жасау саласындағы серіктестік туралы Меморандумға қол қойылды.

Теміржол көлігі машинасын жасау саласындағы серіктестік туралы Меморандум «Грузия темір жолы» АҚ -мен де жасалды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Душанбеге сапарында  «Рохи охани Точикистон» МУК бастығы  Комил Мирзоалимен келіссөз өткізді.

Кездесуде теміржол көлігіндегі машина жасау саласындағы серіктестіктерді дамыту, Тәжікстан аумағында жүктерді шоғырландыру мен тасымалдау көлемін арттыру мәселесі қаралды.

2017-2020 жылдары қазақстандық теміржол көлігі машиналарын тәжік темір жолына жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

null  

Соңғы жаңалықтар