Қазақстан азаматының неміс кеденінде тәркіленген ақшасы қайтарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Германиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіпов қазақстандықтардың шетелде кейде келеңсіз жағдайларға тап болып жататыны туралы айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазақстандықтардың шетелдегі құқығы мен бостандығының сақталуын қамтамасыз ету дипломаттардың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстанның Берлиндегі, Франкфурттегі, Бонне мен Мюнхендегі консулдық мекемелері бұл мәселеге өте жауапты түрде қарайды. Консулдық тарапынан біздің отандастарымызға құқықтық көмек керек болып жататын кездер де болады», - дейді Болат Нүсіпов.

Мәселен, 2016 жылы ҚР СІМ жанындағы Франкфуртта орналасқан Бас консулдық қазақстандық Н. Рише есімді азаматшаға науқас күйеуін Қазақстанға жеткізуге көмектескен. Бұған қоса консулдық төлқұжат бақылауын жүзеге асырып, арнайы борттың бөлінуіне септігін тигізді. Консулдық қызметкерлерінің аралысуымен неміс кеденшілері тәркілеген С. Әлиевтің операцияға деп ақшасы иесіне қайтарылды. 

2017 жылы Боннеде консулдықтың арқасында қайтыс болған қазақстандықтың денесі Эсседен Алматыға жеткізілген. Биыл Берлинде қайғылы жағдайға байланысты қаза болған Е.Әбдірахмановтың отбасына көмек көрсетілген.

«Жалпы 2016-2017 жыл аралығында Қазақстанның жауапты ведомстволарының келісімімен Елшілік 13 ҚР азаматының отанына қайтуына көмек берді», - дейді Елші. 

Соңғы жаңалықтар