Қазақстан азаматы Санкт-Бетербургте жоғары қабаттан құлап мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан азаматы Санкт-Петербургтегі Примор ауданындағы тұрғын үйдің терезесінен құлап, мерт болды, деп хабарлады «Фонтанка» интернет басылымы.

Оқиға кеше, 25 наурыз күні болды. Полиция мерт болған азаматтың өлімінің себебін анықтауда. Матрос Железняк көшесінің бойындағы үйдің жанынан адамның денесі табылғандығы жөнінде «Фонтанка» басылымына сағат 14-25-те белгілі болды.

Тексеру шараларының нәтижесінде мерт болған азаматтың 32 жасар Қазақстан тұрғыны екенін анықталды. Болжам бойынша ол өзі жалға алып тұрып жатқан пәтердің 13-ші қабатынан құлап кеткен. Кісі өлімінің нақты себебін сот-медициналық сараптама мамандары анықтайды. Тексеру шаралары жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар