Қазақстан аумағында күн жылынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22-23 ақпан күндері республиканың көптеген облыстарында антициклон ауа райына әсер етеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

«Қар мен бұрқасын тудырған ауа ағымдары Қазақстан аумағынан кетеді. Оның орнын 22-23 ақпан күндері республиканың көптеген облыстарындағы ауа райына әсер ететін антициклон басады.

Қазақстанның көптеген аумағында ауа райы жауын-шашынсыз ала бұлтты деп күтілуде. Ауа температурасы 3-6 ºС-қа жоғары болады», - делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар