Қазақстан аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні еліміздің аймақтарында жел күшейеді, бірнеше облыста ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Астанада 10 қыркүйек күні кешкісін және 11 қыркүйек күні оңтүстік батыстан жел соғып, ол солтүстік батысқа қарай бағыт алады. Жылдамдығы секундына 15-20 метр.

11 қыркүйек күні Жамбыл облысының кей жерлерінде күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал, батыстан және оңтүстік батыстан 15-20 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады. 11 және 12 қыркүйекте желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

11 қыркүйекте Ақтөбе облысының бірқатар аумақтарында солтүстік батыстан жылдамдығы 15-20 метр/секунд жел соғады.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жел күшейіп, оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысында 11 қыркүйекте батыстан жел соғады, күндіз екпіні 25 метр/секундқа жетеді.

Талдықорған қаласында 11 қыркүйекте жел тұрып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

11 қыркүйекте Қостанай облысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Соңғы жаңалықтар