Қазақстан аумағында 4 балдық жер сілкінісі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан территориясында 4 балдық жер сілкінісі болы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 9 наурыз күні Алматы уақытымен 04 сағат 33 минут 36 секундта жер сілкінісін тіркеді.

«Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 407 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9.3. MPV бағаны бойынша магнитудасы - 4.0. Тереңдігі - 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпараттар түскен жоқ», - делінген таратылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар