Қазақстан астықты контейнермен экспорттай бастайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан астықты контейнермен экспортқа шығаруды жолға қоймақ.  Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ-ның президенті Оралхан Құлақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз астық тасымалдаудың жаңа технологияларын енгізу бағытында да жұмыс жүргізудеміз. Мәселен, осы жылдың қазан айында «Құрық-Алят-Ахалкалаки-Карс-Мерсин» жаңа бағытында контейнермен астық тасымалдаудың  ілкі жобасын жүзеге асырдық. Келешекте аталған бағытта ай сайын 10 мың тоннаға дейін астықты тасымалдау жоспарлануда», - деді Құлақов.

Оның айтуынша, ұн тасымалдаудағы проблема астық тасымалдауда туындайтын жайттармен бірдей десе де болады. Жалпы еліміз ұнының негізгі бөлігі Ауғанстанға тасымалданады.

«Ауғанстан бағытындағы логистика жеткізу жылдамдығының өте төмендігімен және Ауғанстанның Хайратон, Акин және Тургунди қабылдау стансаларындағы жүкті түсіру мүмкіншілігінің әлсіздігімен сипаталады. Себебі ауған тарабында вагондағы жүкті  түсіру автоматтандырылмаған. Жүк түсіретін стансаларды тауарлар іркілісі де жиі орын алады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар