Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 330.29
EUR 387.27
RUB 5.56
CNY 49.80

Қазақстан астық тасымалдайтын кемелер санын 20-ға жеткізеді

Қазақстан астық тасымалдайтын кемелер санын 20-ға жеткізеді
2017 жылғы 15 қараша 15:02 408

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан алдағы 5 жылдың ішінде астық тасымалдайтын кемелер санын 20-ға жеткізеді. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ-ның президенті Оралхан Құлақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Каспий арқылы тасымал әлеуетінің барынша жоғары өсімін  қамтамасыз ету үшін порт  инфрақұрылымы дамытылуда. Ақтау портын солтүстікке қарай кеңейту жобасы аяқталды. Құрық портында темір жол және паром кешені пайдалануға берілді және келесі жылдың басында оның екінші фазасы логистикалық инфрақұрылымы мен кедендік қызмет көрсету аймағы бар автомобильдік паром кешенінің құрылысы аяқталатын болады», -  деді ол.

Компания басшысының айтуынша, Ақтау халықаралық портын кеңейту және Құрық паром кешенін салу есебінен Қазақстанның Каспий арқылы жүк тасымалдау көлемі қазіргі жылына  16 миллион тоннадан 2018 жылы 26 миллион тоннаға дейін артатын болады.

«Сонымен қатар компания Каспий мен Қара теңізге сенім арта отырып, меншікті құрғақ жүк таситын паромды флот құрып, таяу 5 жылдың ішінде кемелер  санын 4-тен 20-ға жеткізуді жоспарлауда», - деді Құлақов.

 

 

Басты сөздер: Қоғам, Көлік, Азық-түлік, Маңғыстау облысы, Каспий,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер