Қазақстан әскери -теңіз күштеріне техникалық қызмет көрсететін зертхана ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының құрамына кіретін «Гидроприбор» ҒЗИ өнім өндіру мен жобалаудан тыс, сервис және жөндеу қызметтерін де ұсынып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, институттың өндірістік базасында Қазақстан Әскери теңіз күштерінің су асты робот техникалары мен EСA Robotics (Франция) компаниясының су асты аппараттарына сервистік және ағымдағы техникалық қызмет көрсетіледі.

Зертхананы орналастыруға арнайы мамандандырылған ғимарат берілді, қажетті құрал-жабдықтар мен қондырғылар сатып алынды. Зертханада түрлі модульдегі аппараттар жөнделеді немесе жаңасына ауыстырылады. Аталған зертханада аппараттардың жұмысқа қабілеттілігін қайта қалпына келтіру бойынша бүкіл жұмыстарды атқаруға болады,  дейді баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар